Джакубаева Салтанат Төлеуқызы

«6D020900 – Шығыстану (тарих ғылымдары)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Джакубаева Салтанат Төлеуқызының «Қазақстан мен Иран арасындағы қатынастардың қалыптасуы: қазіргі кезеңдегі ынтымақтастық мәселелері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Әбішева Мадина Мағазовна – тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, шығыстану кафедрасының доценті, Астана қ., Қазақстан, мамандығы «07.00.03 –Жалпы тарих»;

Смағұлова Гүлнар Мұратбекқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, тарих факультеті, бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті, Қарағанды қ., Қазақстан, мамандығы «07.00.15 – халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы».

Ғылыми кеңесшілері:

Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы - тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

Эдвард Фридман - PhD доктор, Висконсин-Мэдисон университетінің профессоры, Мэдисон қ., АҚШ.

Қорғау 2018 жылғы 26 қаңтарда сағат 14.00.-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020200 – Халықаралық қатынастар», «6D020900 - Шығыстану (тарих ғылымдары)» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен жайы: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95, халықаралық қатынастар факультеті, № 218 мәжіліс залы.

Басылым күні :  25.12.2017