Байсейтов Даурен Алмасович

6D073400 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Байсейтов Даурен Алмасовичтің «Қатты минералды кендерді ашу үшін газогенераторлық дефлаграциялық патрондарды жасау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химиялық физика және материалтану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Приходько Николай Георгиевич – химия ғылымдарының докторы, Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.17;  

Дабынов Базар Мухаметрахимович – PhD доктор, ТОО «FRANCEPLASTERACHRYSO» өндірісінің бастығы, Алматы қ, Қазахстан, мамандығы 6D073400.

Ғылыми кеңесшілері:

Тулепов Марат Изтлеуович – химия ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Алан Дальтон – Сассекс университетінің профессоры, Брайтон қ., Ұлыбритания.

Қорғау 2018 жылғы 17 қаңтарда сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнология (химия ғылымдары)», «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнология (физика)», «6D073400 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, № 415 мәжіліс залы. 

Басылым күні :  15.12.2017