Дарменбаева Ақмарал Сабетбекқызы

«6D060600-Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Дарменбаева Ақмарал Сабетбекқызының «Ауыспалы металдардың полимер-тұрақтанған нанобөлшектерін синтездеу және оның катализде қолданылуы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орысша.

Диссертация «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты», АҚ органикалық катализ зертханасында орындалған.

Рецензенттер:

Утелбаев Болысбек Тойшыбекович – химия ғылымдарының докторы, «Қазақстан-Британ техникалық университеті», АҚ химиялық инженерия ғылыми-зерттеу орталығының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 02.00.15;

Мылтыкбаева Жаннур Каденовна – химия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің ассоциацияланған профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 02.00.15.

Ғылыми кеңесшілері:

Жармағамбетова Алима Қайнекейқызы - химия ғылымдарының докторы, профессор, «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты», АҚ органикалық катализ зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан;

Эль-Сайд Муса Эль Ашмави Негим – PhD, Вольверхэмптон университетінің профессоры, Вольверхэмптон қ., Ұлыбритания.

Қорғау 2018 жылғы 17 қаңтарда сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600-«Химия», 6D072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900-«Мұнайхимия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 317 аудиториясы.

Басылым күні :  14.12.2017