Әмірғалиева Жазира Еділханқызы

«6D070500 – Математикалық және компьютерлік пішіндеу» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Әмірғалиева Жазира Еділханқызының «Квадраттық бағдарламалау есептерін шешуге арналған айнымалы аймақтардан іздеуге негізделген метаэвристикалық алгоритмдер» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орысша.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Серовайский Семен Яковлевич – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.03;

Ахмеджанов Алшин Хакимович – техника ғылымдарының докторы, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ-ның Жерді қашықтықтан барлау департаментінің директоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.18.

Ғылыми кеңесшілері:

Арсланов Марат Зуфарович – ҚР БҒМ Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының бейнелерді тану және шешім қабылдау зертханасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қ., Қазақстан;

Ненад Младенович – PhD, профессор, Сербия ғылым және өнер академиясының математика институты, Белград қ., Сербия.

Қорғау 2017 жылғы 29 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік пішіндеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технология» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, 213-ші аудитория.

Басылым күні :  28.11.2017