Жидебекқызы Ақнұр

«6D051700 – Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша экономика докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Жидебекқызы Ақнұрдың «Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерцияландыруды басқару (жасыл технологиялардың мысалында)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: ағылшын.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Ғабдулина Айгүл Сәбитқызы – экономика ғылымдарының докторы, Алматы Менеджмент Университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 08.00.05;

Алибекова Гүлназ Жанатқызы – PhD докторы, ҚР БжҒМ Ғылыми комитеті Экономика Институы, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 6D050600.

Ғылыми кеңесшілері:

Мұхтарова Қарлығаш Сапарқызы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Трифилова Анна Александровна – экономика ғылымдарының докторы, доктор PhD, профессор, Эксетер университеті, Эксетер қ., Ұлыбритания.

Қорғау 2017 жылғы 28 желтоқсанда сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050600 – Экономика», «6D051300 – Әлемдік экономика», «6D051700 – Инновациялық менеджмент», «6D090900 – Логистика (сала бойынша)» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, экономика және бизнес жоғары мектебінің мәжіліс залы, 202 ауд.

Басылым күні :  27.11.2017