Коршиков Евгений Сергеевич

«6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Коршиков Евгений Сергеевичтың «Криогенді-вакуумдық құрылғылардың жұмысшы беттіктерінің оптикалық сипаттамаларына газдарды криоконденсациялау барысындағы процестердің әсерлері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау орыс тілінде болады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Устименко Александр Бориславович - т.ғ.д., «НТО Плазмотехника», директор (Алматы қ., Қазақстан), мамандығы 01.04.14;

Кислицин Сергей Борисович - ф.-м.ғ.к., Теориялық және қолданбалы материалтану зертханасының меңгерушісі, Ядролық физика интитуты (Алматы қ., Қазақстан), мамандығы 01.04.07.

Ғылыми кеңесшілері:

Дробышев Андрей Степанович - ф.-м.ғ.д., профессор, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан);

Стржемечный Юрий Михайлович (Strzhemechny Y.) - PhD, профессор, «Техас Христиан университеті» (Форт - Ворс қ., АҚШ).

Қорғау 2017 жылғы 29 желтоқсан сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 - Ядролық физика», «6D072300 - Техникалық физика», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 – Физика және астрономия» мамандықтары тобының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

Басылым күні :  27.11.2017