Мухамедов Нуржан Еролович

«6D072300 - Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған Мухамедов Н.Е. «Ядролық реактордың активті аймағы элементтерінің балқымасының жылуфизикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау орыс тілінде болады.

Диссертациялық жұмыс Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің техникалық физика және жылу энергетика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Купчишин Анатолий Иванович — ф.-м.ғ.д., профессор, Абай атындағы КазҰПУ, (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), мамандығы 01.04.07;

Мукашев Канат Мукашевич — ф.-м.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), мамандығы 01.04.07.

Ғылыми кеңесшілері:

Скаков Мажын Канапинович — ф.-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰЯО РМК бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, Ұлттық ядролық орталық (Курчатов қ., Қазақстан Республикасы);

Войтек Виелеба (Wojciech Wieleba) — т.ғ.д., профессор, Вроцлав ғылым және техника университеті (Вроцлав қ., Польша Республикасы).

Қорғау 2017 жылғы 26 желтоқсан сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 - Ядролық физика», «6D072300 - Техникалық физика», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 – Физика және астрономия» мамандықтары тобының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

Басылым күні :  25.11.2017