Болатов Асет Куанышевич
«6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Болатов Асет Куанышевичтің «KBaR(BO3)2 қатарындағы күрделі бораттардың қатты фазалы синтезі, R- сирек жер элементінің катионы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Тусупбаев Несіпбай Қуандыкович – техника ғылымдарының докторы, ҚазЖҒҰА корреспондент-мүшесі, АҚ «Металлургия және кен байыту институты», флотореагенттер және кен байыту зертханасының бас ғылыми қызметкері.
Ментбаева Алмагуль Абдыкалимовна – PhD, Астана Ұлттық зертханасы энергетика және жаңа материалдар туралы ғылым орталығының аға ғылыми қызметкері, Назарбаев Университеті, Астана.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Бүркітбаев Мухамбеткали Мырзабаевич – химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің бірінші проректоры, Қазақстан Республикасы.
2. Кох Александр Егорович – техника ғылымдарының докторы, РҒА СБ В.С.Соболев атындағы геология және минералогия институты кристалдарды өсіру зетханасының жетекшісі.
Қорғау 2017 жылғы 25 желтоқсанда сағат 14.00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді, мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудиториясы.
Қорғау тілі: орысша.