Абдраймова Молдир Рашидовна

6D060600 – «Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Абдраймова Молдир Рашидовнаның «s, -p, -d, -f элементтерінің күрделі оксидтерінің синтезі, құрылысы және магниттік қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Химия» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Касенова Шуга Булатовна – Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институтының термохимиялық зертханасының бас ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының докторы, доцент, мамандығы - 02.00.04;

Еркасов Рахметулла Шарапиденович – Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің химия кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы, мамандығы - 02.00.01.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Матаев Мухаметкали Мусагалиевич - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің доценті, химия ғылымдарының докторы, мамандығы - 02.00.01;

2. Сидхарт Шанхер (Монту) Саксена - Кембридж университеті, Кавендиш зертханасының профессоры, PhD, Кембридж қаласы, Ұлыбритания.

Қорғау 2017 жылғы 21 желтоқсанында сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – «Химия», 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900 – «Мұнай химиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.

Басылым күні :  21.11.2017