Матин Даурен Тюлютаевич

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Матин Даурен Тюлютаевичтың «Жалпыланғанған Морри типтес кеңістіктеріндегі функциялар теориясының классикалық операторларының шенелгендігі және компактылығы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жоғары математика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Мынбаев Кайрат Турысбекович – физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан–Британ техникалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан 01.01.01;

Дурвудхан Сураган –ҚР ҰҒА корр. мүшесі, ҚР БҒМ ҒК «Математика және математикалық моделдеу институты» бас директорының орынбасары, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы «6D060100 – Математика».

Ғылыми кеңесшілері:

Бокаев Нуржан Адилханович – физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Астана қ., Қазақстан;

Буренков Виктор Иванович – физика-математика ғылымдарының докторы, Ресей халықтар достығы университетінің профессоры, Москва қ., Ресей.

Қорғау 2017 жылғы 22 желтоқсанда сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы«6D060100–Математика», «6D060300Механика», «6D070500–Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, №213 мәжіліс залы.

Басылым күні :  20.11.2017