Бейсенова Айгүл Аманжановна

«6D050100 – Әлеуметтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Бейсенова Айгүл Аманжановнаның «Қарағанды облысының өнеркәсіп кәсіпорындарында әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі еңбек тәртібін реттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Габдуллина Канапия Габдулловна – әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми-зерттеу және халықаралық қатынастар «Астана» университетінің проректоры, мамандығы 22.00.04;

Калиева Алия Айбулатовна - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 22.00.04.

Ғылыми кеңесшілері:

Биекенов Кеңес Умбетжанович – әлеуметтану ғылымының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Агаджанян Виктор – PhD, Канзас Университеті, Лоуренс қ., АҚШ.

Қорғау 2017 жылғы 21 желтоқсанда сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050200 – Саясаттану», «6D050100 – Әлеуметтану», «6D090500 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300 –Психология», «6D010300 - Педагогика және психология» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39/47, философия және саясаттану факультеті, №123.

Басылым күні :  20.11.2017