Мирзакулова Азиза Еркомековна
«6D060100–Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Мирзакулова Азиза Еркомековнаның «Үзіліссіз және құрақ-тұрақты аргументті сингулярлы ауытқыған теңдеулер» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Сақабеков Аужан Сақабекұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ-Британдық техникалық университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.03;
Асанова Анар Тұрмағанбетқызы-физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Математика және математикалық модельдеу институты, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.02.
Ғылыми кеңесшілері:
Дауылбаев Мұратхан Құдайбергенұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;
Ахмет Марат Убайдуллаұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Орталық шығыс техникалық университеті, Анкара қ., Түркия.
Қорғау 2017 жылғы 15 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100-Математика», «6D060300-Механика», «6D070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600-Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, №213 аудитория.