Алдабердіқызы Айдын

«6D021000 – Шетел филологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Алдабердіқызы Айдынның «Әлеуметтік-экономикалық мәртебе және оқу сауаттылығының корреляциялары (ағылшын vs. қазақ, орыс тілдері)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Хасанов Бахытжан Хасанович – филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.02.19, 01.02.06;

Фазылжанова Анар Мұратқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы: 10.02.02.

Ғылыми кеңесшілері:

Сулейменова Элеонора Дюсеновна – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Риверс Уильям –PhD доктор, профессор, Тіл жөніндегі бірлескен ұлттық комитет және Тіл және халықаралық білім беру жөніндегі ұлттық кеңестің атқарушы директоры,. Вашингтон қ., АҚШ.

Қорғау 2017 жылғы 6 желтоқсанда сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020500 – Филология», «6D021000 – Шетел филологиясы», «6D021400 – Әдебиеттану», «6D020700 – Аударма ісі», «6D050400 – Журналистика», «6D011800 – Орыс тілі және әдебиеті» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, №310 мәжіліс залы.

Басылым күні :  04.11.2017