Абжапарова Лаура Жексембаевна

«6D020200 – Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Абжапарова Лаура Жексембаевнаның «Халықтық дипломатия – халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың даму кепілі ретінде (қазақ-түрік қатынастары мысалында)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, халықаралық қатынастар кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Сапанов Сейфулла Жұмабайұлы – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қытайтану кафедрасының профессоры, мамандығы: 07.00.15 – халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы. Иембекова Майра Ораковна – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Нархоз Университеті, мамандығы: 07.00.15. – халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы.

Ғылыми кеңесшілер: Раев Дәулетбек Сәдуақасұлы – философия ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жә

не әлем тілдері университеті, халықаралық қатынастар факультетінің деканы; Ахмет Ташағыл – PhD докторы, Мимар Синан өнер университетінің профессоры (Стамбұл қ., Түркия).

Қорғау 2017 жылғы 8 желтоқсан сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы диссертациялық кеңесінде «6D020200 – Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша өтеді.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі 95, халықаралық қатынастар факультеті, № 218 мәжіліс залы.

Қорғау тілі: қазақ.

Басылым күні :  02.11.2017