Кабышев Асет Маратович

«6D060500 - Ядролық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Кабышев Асет Маратовичтің «Төменгі энергияда әлсіз байланысқан ядролардың әсерлесу ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау орыс тілінде болады.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Жусупов Марат Абжанович – ф.-м.ғ.д., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.16;

Жолдыбаев Тимур Кадыржанович – ф.-м.ғ.к., Ядролық процестер лабораториясының меңгерушісі, ЯФИ, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.16.

Ғылыми кеңесшілері:

Кутербеков Кайрат Атажанович – ф.-м.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Астана қ., Қазақстан;

Пенионжкевич Юрий Эрастович – ф.-м.ғ.д., профессор, Г.Н. Флеров Ядролық реакциялар лабораториясының секторының бастығы БЯЗИ, Дубна қ., Ресей.

Қорғау 2017 жылғы 22 қараша сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 - Физика», «6D060500 - Ядролық физика», «6D072300 - Техникалық физика», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 - Физика және астрономия» мамандықтары тобының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

Басылым күні :  20.10.2017