Исмаилова Айганым Бактияркызы

«6D073900-Мұнайхимия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Исмаилова Айганым Бактияркызының «Ауыр мұнай қалдықтары негізінде жаңа полимерлі композициялардың синтезі мен қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация «Ә.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты», АҚ полимерлердің синтезі мен физика-химиясы зертханасында орындалған.

Рецензенттер:

Мырзалиева Сауле Керчаизовна - химия ғылымдарының докторы, Қ.И. Сатбаев атындағы ҚазҒЗТУ мұнай және газды қайта өңдеудің химиялық технологиясы кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 02.00.04;

Байжуманова Толкын Сапарбековна - химия ғылымдарының кандидаты, Д.В. Сокольский атындағы «Органикалық катализ және электрохимия институтының», АҚ Органикалық катализ зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 02.00.13.

Ғылыми кеңесшілері:

Батырбеков Еркеш Оразаевич - химия ғылымдарының докторы, профессор, «А.Б.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының», АҚ полимерлердің синтезі мен физико-химиясы лабораториясының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан;

Лоча Дагния – техника ғылымдарының докторы, Р. Цымдын атындағы биоматериалдардың инновациясы мен дамуы Ригалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, (РТУ), Рига қ., Латвия.

Қорғау 2017 жылғы 22 қарашада сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 -«Химия», 6D072000- «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900-«Мұнайхимия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудиториясы.

Қорғау тілі: орысша

Басылым күні :  19.10.2017