Насурлла Маржан

«6D060500–Ядролық физика» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған Насурлла М. «Зарядталған бөлшектер мен жеңіл иондардың p-,sd- қабықшаларының ядроларымен әсерлесу процесстерін астрофизикалық қажеттіліктер үшін зерттеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғауы туралы ақпарат е.

Қорғау ағылшын тілінде болады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Узиков Юрий Николаевич — ф.-м.ғ.д., профессор, Біріккен Ядролық Зерттеулер институты (ОИЯИ), Ядролық проблемалар лабораториясы (Дубна қ., Ресей Федерациясы), мамандығы 01.04.16;

Жуков Валерий Витальевич — ф.-м.ғ.к., «Тянь-Шань биік таулы ғылыми станциясы» филиалының директоры, Ресей Ғылым Академиясының Лебедев атындағы Физикалық институты (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), мамандығы 01.04.16.

Ғылыми кеңесшілері:

Жолдыбаев Тимур Кадыржанович — ф.-м.ғ.к., доцент, Ядролық процестер лабораториясының меңгерушісі, Ядролық физика институты (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);

Спиталери Клаудио — PhD, профессор, Катания Университеті (Катания қ., Италия Республикасы).

Қорғау 2017 жылғы 3 қараша сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 - Ядролық физика», «6D072300 - Техникалық физика», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 – Физика және астрономия» мамандықтары тобының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

Басылым күні :  02.10.2017