Омарбаев Ырысбек Құрбанбекұлы

«6D020300 – Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Омарбаев Ырысбек Құрбанбекұлының «Кеңес дәуіріндегі Қазақстанның паспорттық жүйесі (1917-1991 жж.): тарихи талдау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында орындалған.

Рецензенттер:

Ысқақ Ақмарал Сыдығалықызы – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы, мамандығы 07.00.02. – тарих;

Сексенбаева Гүлзира Әшімханқызы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының докторы, мамандығы 07.00.09. – тарих.

Ғылыми кеңесшілері:

Отандық – Смағұлова Светлана Одеповна – тарих ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті;

Шетелдік – Славомир Горак – PhD, Карлов университетінің (Прага) профессоры, Чехия.

Қорғау 2017 жылғы 01 қарашада сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020300 – Тарих», «6D020800 – Археология және этнология», «6D021200 – Түркітану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, тарих, археология және этнология факультеті, № 405 мәжіліс залы.

Басылым күні :  30.09.2017