Жексембинова Айнур Каримбековна

6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Жексембинова Айнур Каримбековнаның «Университеттік білім беру жүйесінде болашақ әлеуметтік педагогтардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат .

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында орындалған

Рецензенттер:

Рысбаева Аршагүл Қылышбековна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының Адамның үйлесімді даму институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы, Қазақстан, мамандығы 13.00.01.

Тұрғынбаева Ботагүл Алтаевна – педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратура және докторантура институтының педагогика және психология кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.08.

Ғылыми кеңесшілер:

Таубаева Шаркуль Таубаевна – педагогика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры.

Жанг Вонхо – Сеул университетінің профессоры, PhD, Сеул, Оңтүстік Корея.

Қорғау 2017 жылдың 19 қазанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050200 – Саясаттану», «6D050100 - Әлеуметтану», «6D090500 - Әлеуметтік жұмыс», «6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300 - Психология», «6D010300 - Педагогика және психология» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39/47, философия және саясаттану факультеті, №123 мәжіліс залы.

Қорғау тілі: қазақ.

Басылым күні :  18.09.2017