Айдаров Қанат Әлхожаұлы

«6D070400 - Есептік техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Айдаров Қанат Әлхожаұлының «Нақты уақыттағы мультиагенттік жүйелерді жобалау және жұмысын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орындалған.

Рецензенттер:

Найзабаева Лязат Қыдырғалиқызы – техника ғылымының докторы, доцент, үлкен көлемді мәліметтерді талдау және өңдеу лабораториясының меңгерушісі, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ақпараттық және еспетеуіш технологиялар институты, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.01;

Акжалова Әсел Жолдасқызы – PhD, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, электротехника және компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, Қазақ-Британ техникалық университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.18.

Ғылыми кеңесшілері:

Балакаева Гүлнар Төлтайқызы – техника ғылымдарының докторы, профессор, информатика кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.02.05;

Пол Эжилчелван – PhD, ассоциацияланған профессор, компьютерлік ғылымдар факультеті, Ньюкасл университеті, Ньюкасл қ., Ұлыбритания.

Қорғау 2017 жылғы 13 қазан сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қарамағындағы «6D060200 – Информатика», «6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)», «6D070400 – Есептік техникасы жіне бағдарламалық қамтамасыз ету», «6D075100 – Информатика, есептегіш техника және басқару», «6D100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «6D070200 – Автоматтандыру және басқару» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, № 213 аудитория.

Басылым күні :  12.09.2017