Баймахан Айгерім Рысбекқызы

«6D075100 – Информатика, есептегіш техника және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Баймахан Айгерім Рысбекқызының «Анизотропты топырақ-іргетас-ғимарат» жүйесінің жағдайын басқару үшін математикалық моделін және бағдарламалар кешенін құрастыру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің информатика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Рысбайұлы Болатбек – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.18;

Суйменбаев Багдат Темиргалиевич - техника ғылымдарының докторы, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ғарыштық құралдарды пайдалану кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.18.

Ғылыми кеңесшілері:

Калимолдаев Максат Нурадилович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒБМ ҒК АЕТИ -нің бас директоры, Алматы қ., Қазақстан;

Хиодо Масаюки – техника ғылымдарының докторы, Ямагучи университетінің профессоры, Убе қ., Жапония.

Қорғау 2017 жылғы 13 қазанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060200 – Информатика», «6D070200 – Автоматтандыру және басқару»,«6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)», «6D070400 – Есептік техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «6D075100 – Информатика, есептегіш техника және басқару», «6D100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, №213 мәжіліс залы.

Басылым күні :  12.09.2017