Ескермесұлы Әлібек

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ескермесұлы Әлібектің «Сингулярлы екі және үш мүшелік дифференциалдық операторлардың сапалық және сандық спектралдық анализі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Іргелі математика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Кангужин Балтабек Есматович – физика-математика ғылымдарының докторы,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, мамандығы 01.01.02;

Садыбеков Махмуд Абдысаметович – ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, Математика және математикалық моделдеу институтының профессоры, мамандығы 01.01.02.

Ғылыми кеңесшілері:

Ойнаров Рысқұл – ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Астана қ., Қазақстан;

Султанаев Яудат Талгатович – физика-математика ғылымдарының докторы, М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, Уфа қ., Ресей.

Қорғау 2017 жылғы 29 қыркүйек сағат 16.00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қарамағындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғараштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, № 213 аудитория.

Басылым күні :  21.08.2017