Оқан Самет

«6D021500 – Исламтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Оқан Саметтің «Өркениеттер қақтығысы және исламдағы диалогтық дискурс (Әбу Ханифа мәзһабы қайнаркөздері негізінде)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер: Дербісәлі Әбсаттар – Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ ҒК Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 00.01.06;

Әділбаев Алау Шайқымұлы – теология ғылымының докторы, доцент, Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университеті «Әбу Ханифа» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.14.

Ғылыми кеңесшілері: Сатершинов Бақытжан Меңлібекұлы – ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты дінтану бөлімінің меңгерушісі,
философия ғылымдарының докторы, профессор, Алматы қ., Қазақстан;

Исмайл Албайрак – PhD, Сақария университетінің профессоры, Сақария қ., Түркия.

Қорғау 2017 жылдың 16 қыркүйек күні сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39/47, философия және саясаттану факультеті, № 123 мәжіліс залы.

Басылым күні :  10.08.2017