Смағулов Мұрат Нұрмухамбетұлы

«6D021500 – Исламтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Смағулов Мұрат Нұрмухамбетұлының «Исламдық білім берудің құндылықтық парадигмалары: дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Мухитдинов Рашид Сражович – филология ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.02.20;

Джуманова Гульнар Жакановна – философия ғылымдарының докторы, доцент, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.11.

Ғылыми кеңесшілері:

Сейтахметова Наталья Львовна – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, Алматы қ., Қазақстан;

Ахмет Юклеин – PhD, Стамбул коммерция университетінің доценті, Ыстамбұл қ., Түркия.

Қорғау 2017 жылдың 16 қыркүйек күні сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39/47, философия және саясаттану факультеті, № 123 мәжіліс залы.

Басылым күні :  10.08.2017