Темирханова Гулден Ерлановна

6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Темирханова Гулден Ерлановнаның «Тігілген поливинилпирролидон негізінде гидрогельдік емдік сықпалар мен таңғыштар жасау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технология кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Елигбаева Гульжахан Жакпаровна – химия ғылымдарының докторы, профессор, Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ химиялық технология кафедрасының меңгерушісі, мамандығы 02.00.06;

Сигитов Владимир Борисович – химия ғылымдарының докторы, полимерлік заттар және технологиясы институтының бас ғылыми қызметкері, мамандығы 02.00.06.

Ғылыми кеңесшілер:

Мун Григорий Алексеевич – химия ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық университеті, органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технология кафедрасының профессоры, мамандығы 02.00.06;

Olgun Guven – PhD, радиациялық және полимерлі химия кафедрасының профессоры, Хаджетеппе университеті, Анкара, Турция.

Қорғау 2017 жылғы 7 шілдеде сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – «Химия», 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900 – «Мұнай химиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді, мекенжайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.

Басылым күні :  06.06.2017