Өскенбай Мөлдір Әділбекқызы
«6D020300 – Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Өскенбай Мөлдір Әділбекқызының «Орта Азия түркі тайпаларының этно-әлеуметтік сабақтастығы (VIII-XII ғғ.)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Мұқаметханұлы Нәбижан – тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қытайтану кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 07.00.03 – тарих.
Әлімғазы Дәулетхан – тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 07.00.03 – тарих.
Ғылыми кеңесшілері:
Омарбеков Талас Омарбекұлы – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан;
Юлай Шамильоглу – PhD тарих ғылымдарының докторы, Висконсиндегі Мэдисон университетінің профессоры, Мэдисон қ., АҚШ.
Қорғау 2017 жылғы «03» шілдеде сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020300 – Тарих», «6D020800 – Археология және этнология», «6D021200 – Түркітану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Тарих, археология және этнология факультеті, № 405 мәжіліс залы.