Қойшығұлова Динара Мейрамқызы

«6D021300-Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Қойшығұлова Динара Мейрамқызының «Сөйленістегі келісу vs. келіспеудің вербалды амалдары (қазақ ток-шоу бағдарламалары негізінде)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат енгізулеріңізді өтініп сұрайды.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Уәли Нұргелді Мақажанұлы – филология ғылымдарының докторы, профессоры А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымы, Алматы қ., Қазақстан.

Мурзалина Ботагөз Қазыбекқызы – филология ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университеті, Жалпы тіл білімі және лингвистика кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілері:

Мадиева Гульмира Баянжанқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Марк Кирхнер – PhD доктор, Юстус-Либих атындағы Гиссен университетінің профессоры, Гиссен қ., Германия.

Мухамедова Райхангуль – PhD доктор, Юстус-Либих атындағы Гиссен университетінің доценті, Гиссен қ., Германия.

Қорғау 2017 жылғы 30 маусым сағат 12:30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021300-Лингвистика», «6D020900-Шығыстану», «6D021200-Түркітану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Филология және әлем тілдері факультеті, № 312 аудитория.

Басылым күні :  30.05.2017