Ордаханова Алмагуль Байгожаевна

«6D021300 -Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ордаханова Алмагуль Байгожаевнаның «XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстандағы тарихи-құжаттама дискурсының когнитивтік кеңестігін қалыптастыруындағы сөзжасамдық құралдар» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  филология және көптілді білім беру инcтитуты және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Екшембеева Людмила Владимировна – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан.

Жакупова Айгуль Досжановна – оқу-әдістемелік жұмысының проректоры, филология ғылымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Кокшетау қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілері:

Жаналина Лаззат Кабылдашевна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы қ., Қазақстан.

Потехина Елена Александровна – филология ғылымдарының докторы, профессор Варминск-Мазурск университеті, Ольштын қ., Польша.

Қорғау 2017 жылғы 30 маусымда сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021300 -Лингвистика», «6D020900-Шығыстану», «6D021200-Түркітану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, №312 мәжіліс залы.

Басылым күні :  29.05.2017