Аскарова Шолпан Аманбековна

«6D073900 – Мұнайхимия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Аскарова Шолпан Аманбековнаның «Асфальт-шайыр-парафин қатпарларын (АШПҚ) пайда болуын бәсеңдету мен технологиялық мұнай құбырларын тазартуға арналған жаңа түрлендірілген полиолефиндер» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Техникалық университетінің химиялық технология кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Алмабеков Отанбек Амирбекович - химия ғылымдарының докторы, Алматы технологиялық университеті химия, химиялық технология және экология кафедрасының профессоры, мамандығы 02.00.06;

Умерзакова Майра Бердигалиевна – химия ғылымдарының докторы, «Химия ғылымдарының институты» АҚ полимерлер синтезі мен физика-химиясы зертханасының меңгерушісі, мамандығы 02.00.06.

Ғылыми кеңесшілері:

Бойко Галина Ильясовна химия ғылымдарының докторы, профессор, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ, Алматы қ., Қазақстан;

Штильман Михаил Исаакович – химия ғылымдарының докторы, профессор, Д.И.Менделеев атындағы РХТУ, Мәскеу қ., Ресей.

Қорғау 2017 жылғы 29 маусымда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060600 – Химия», «6D072000 –Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мен «6D073900 – Мұнайхимия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.

Басылым күні :  29.05.2017