Байгереев Досан Ракимгалиевич

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Байгереев Досан Ракимгалиевичтің «Глобалды қысым, қанықтық, температура айнымалыларындағы үш фазалы изотермалық емес фильтрация есебі үшін құрылған тиімді айырымдық сұлбалар» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің жоғарғы математика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Мухамбетжанов Салтанбек Талапеденович – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.02.05;

Рысбайулы Болатбек - техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.18.

Ғылыми кеңесшілері:

Темирбеков Нурлан Муханович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан;

Алиев Фикрет Ахмедали оглы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Баку мемлекеттік университеті, Баку қ., Әзірбайжан.

Қорғау 2017 жылғы 30 маусымда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математикалық факультеті, №213 мәжіліс залы.

Басылым күні :  26.05.2017