Турганбеков Самат Кайратович

«6D020100 – Философия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Турганбеков Самат Кайратовичтің «Кеңістік пен уақыт аясындағы ұлттық мәдениеттің жаңғыруы: әлеуметтік-философиялық талдау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Мырзалы Серик Кажы-Ахметұлы – философия ғылымдарының докторы, М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясының Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.11;

Халықов Қабыл Заманбекұлы – философия ғылымдарының докторы, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясының Ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, профессор, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.13.

Ғылыми кеңесшілері:

Едильбаева Сания Жакеновна – философия ғылымдарының докторы, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Шэрон Ллоид – PhD доктор, Оңтүстік Калифорния университетінің профессоры, Лос-Анджелес қ., АҚШ.

Қорғау 2017 жылғы 27 маусымда сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи к., 39/47, философия және саясаттану факультеті, № 123 мәжіліс залы.

Басылым күні :  23.05.2017