Болатхан Мухтар

«6D020200 – Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Болатхан Мухтар «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы энергетикалық қауіпсіздік мәселелері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Есдаулетова Ардак Мэлсқызы – тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің профессоры, Астана қ., Қазақстан, мамандығы 07.00.15 - халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы;

Нурша Аскар Қуандықұлы - тарих ғылымдарының кандидаты, Әлемдік экономика және саясат институтының Сыртқы саясат бойынша жобаларды ұйымдастырушы, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 07.00.15 - халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы.

Ғылыми кеңесшілері:

Байзакова Куралай Иртысовна тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Рубен Азизян – PhD докторы, Азия және тынық мұхиттық қауіпсіздік орталығының профессоры, Гонолулу қ., АҚШ.

Қорғау 2017 жылғы 16 маусым сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020200 – Халықаралық қатынастар», «6D020900 – Шығыстану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Қарайсай батыр көшесі, 95, халықаралық қатынастар факультеті, № 225 мәжіліс залы.

Басылым күні :  15.05.2017