Омарова Асем Турдыбековна

«6D050100 – Социология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Омарова Асем Турдыбековнаның «Халықтың төтенше жағдайларда әлеуметтік өзін-өзі сезінуі әлеуметтанулық бағалау индикаторы ретінде: аймақтық аспект» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Нуркатова Лязат Төлегенқызы – әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы, Астана қ., Қазақстан, мамандығы 22.00.04;

Ляпбаева Нұргүл Ибрагимқызы – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 22.00.04.

Ғылыми кеңесшілері:

Әбдікерова Гулнапис Орынбасарқызы – әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

ГаутамЯдама – PhD, Сент-Луистегі Вашингтон университетінің профессоры, Миссури штаты, АҚШ.

Қорғау 2017 жылдың 7 маусымында сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050200 – Саясаттану», «6D050100-Социология», «6D090500-Әлеуметтік жұмыс», «6D012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300-Психология», «6D010300-Педагогика және психология» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39/47, философия және саясаттану факультеті, №123.

Басылым күні :  06.05.2017