Төребек Берікбол Тілләбайұлы

6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Төребек Берікбол Тілләбайұлының «Шардағы эллипстік шеттік есептердің қисындылық шарттары және шешуші операторларын құру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат енгізулеріңізді өтініп сұрайды.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация "Ғылым Ордасы" кешені негізіндегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚР ҒК БҒМ Математика және математикалық моделдеу институтының бірлескен білім беру бағдарламасы аясында Математика және математикалық моделдеу институтының Дифференциальдық теңдеулер бөлімінде орындалған.

Рецензенттер:

Кангужин Балтабек Есматович – физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.02;

Мұратбеков Мұсақан Байпақбаевич - физика-математика ғылымдарының докторы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, Тараз қ., Қазақстан, жоғары математика және математиканы оқыту әдістері кафедрасының меңгерушісі, мамандығы 01.01.02.

Ғылыми кеңесшілері:

Турметов Батырхан Худайбергенович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Математика және математикалық моделдеу институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан;

Киране Мохтар – доктор, Ла Рошель университетінің профессоры, Ла Рошель қ., Франция.

Қорғау 2017 жылғы 09 маусымда сағат 16:00 -де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 –Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математикалық факультеті, №213 мәжіліс залы.

Басылым күні :  04.05.2017