Сартбаева Иннабат Әбибуллақызы

«6D060700 – Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Сартбаева Иннабат Әбибуллақызының «Селекцияда қолдану үшін глютинозды күріштің перспективті линияларын шығару биотехнологиясы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасында орындалған.

Рецензенттер:

Жайлыбай Келіс Нұрмашұлы – биология ғылымдарының докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Жаратылыстану факультеті, биология кафедрасының профессоры, Алматы қаласы, Қазақстан, мамандығы 03.01.05-өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы.

Уразалиев Кайрат Рахимович – биология ғылымдарының кандидаты, Қазақ Егіншілік және Өсімдік шаруашылығы Ғылыми Зерттеу Институты, дәнді дақылдар селекциясы бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы, Қазақстан, мамандығы 03.00.23-өсімдіктер биотехнологиясы.

Ғылыми кеңесшілері:

Үсенбеков Бақдаулет Наубайұлы – биология ғылымдарының кандидаты, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасының меңгерушісі, Алматы қаласы, Қазақстан.

Норио Ирики – Ph.D, Өсімдік шаруашылығы және селекциялық зерртеулер бөлімінің зерттеулер бойынша директоры, Хоккайдо Ауылшаруашылық Зерттеулер Ұлттық Орталығы, Саппоро қаласы, Жапония.

Қорғау 2017 жылдың 19 мамыр айында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700 – Биология», «6D070100 – Биотехнология», «6D061300 – Геоботаника» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, биология және биотехнология факультеті, № 214 аудитория.

Басылым күні :  18.04.2017