Абдикеримова Айнур Абдихадировна
«6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Абдикеримова Айнур Абдихадировнаның «Әкімшілік іс жүргізу қатынастары: теориядағы және тәжірибедегі мәселелер» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің әлеуметтік ғылымдар факультеті құқықтану кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Алибеков Сайлаубек Тынышбекович – заң ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 12.00.02.
Каратаев Турдалы Жаксылыкович – заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Момышұлы атындағы оқу орталығы, Шымкент қ., Қазақстан, мамандығы 12.00.09.
Ғылыми кеңесшілері:
Жетписбаев Батырбек Адамович – заң ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;
Мухамеджанов Аманулла Закирович заң ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессоры, Ташкент қ., Өзбекстан.
Қорғау 2017 жылғы 13 мамыр сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D030100 – Құқықтану» «6D030200–Халықаралық құқық» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, заң факультеті, №410 мәжіліс залы.