Ыбырайымқұл Досхан Төреханұлы

«6D060300 – Механика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ыбырайымқұл Досхан Төреханұлының «Газды адсорбцияланған күйде сақтау процесін термореттеуді имитациялық модельдеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Жапбасбаев Узак Каирбекович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан-Британ техникалық университетінің «Мұнай-газ саласындағы технологиялық процестерді математикалық модельдеу» зерхананың меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.02.05.

Найманова Алтыншаш Жамаевна – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚазақҰУ, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.02.05.

Ғылыми кеңесшілері:

Калтаев Айдархан – ф.-м.ғ.д., профессор, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

Ng Kim Choon – PhD, professor, King Abdullah University of Science and Technology, Тувал, Сауд Арабиясы.

Қорғау 2017 жылғы 28 сәуірде сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, КазҰУ, механика-математика факультеті, № 213 аудитория.

Басылым күні :  27.03.2017