Баққара Аягөз Есенбайқызы

«6D073400 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Баққара Аягөз Есенбайқызының «Влияние добавок наночастиц металлов на горение конденсированных систем» (Металл нанобөлшектері қоспасының конденсирленген жүйелердің жануына әсері) тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химиялық физика және материалтану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Исмаилов Марат Базаралыұлы – техника ғылымының докторы, профессор, АҚ «Ғарыштық зерттеу және технологиясының ұлттық орталығының департаментінің директоры, мамандығы 01.04.17, диплом ҒД № 0000212 (29.12.1994 бастап). Алматы қ., Қазақстан.

Тамбиев Петр Геннадьевич – техника ғылымының кандидаты, ЖШС ҒӨӨ «Интерриннің» бас директорының бірінші орынбасары, мамандығы 25.00.20, диплом ҒК №0005725 (26.02.2011 бастап). Алматы қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілері:

Мофа Нина Николаевна – химия ғылымдарының докторы, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Lyubchyk Svitlana Borisovna – Жаңа Лиссабон университетінің химиялық факультетінің химиялық инженерлік ғылым облысының ассоцирленген профессоры, Лиссабон қ., Португалия.

Қорғау 2017 жылғы 24 наурызда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнология (химия ғылымдары)», «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнология (физика)», «6D073400 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, № 415 мәжіліс залы.

Басылым күні :  23.02.2017