Мұқан Нұрзат

«6D020600 – Дінтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Мұқан Нұрзаттың «Қытайдағы исламның даму үдерістері: тарихы және қазіргі кезең (дінтанулық талдау)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы – философия ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі, профессор, мамандығы – 09.00.03;

Смағұлова Гүлшат Қабдоллақызы – философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының доценті, мамандығы – 09.00.13.

Ғылыми кеңесшілері:

Бөлекбаев Сағади Байұзақұлы – философия ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінің халықаралық қатынастар факультеті профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

Хе Шанменг – PhD доктор, Жеджанг университеті, философия факультетінің профессоры, Ханжу қ., Қытай Халық Республикасы.

Қорғау 2017 жылғы 25 ақпан сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи к., 39/47, философия және саясаттану факультеті, № 123 мәжіліс залы.

Басылым күні :  24.01.2017