Лайсханов Шахислам Узакбаевич
Лайсханов Шахислам Узакбаевичтің «Оңтүстік Қазақстан облысындағы агроландшафттардың деградациясы (Отырар ауданы мысалында)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Каймулдинова Куляш Дуйсенбаевна – география ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының директоры, мамандығы 25.00.23;
Курбаниязов Абилгазы Коптлеуович – география ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Үздіксіз білім беру институтының директоры, мамандығы 25.00.23.
Ғылыми кеңесшілері:
Мамутов Жекен Умбеткулович – биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;
Бурхард Мейер (Burghard Meyer) – жаратылыстану ғылымдарының докторы, Лейпциг университетінің профессоры, Лейпциг қ., Германия.
Қорғау 2017 жылдың 17 ақпанында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060900-География», «6D061000-Гидрология», «6D090200-Туризм», «6D060800-Экология» (географиялық ғылымдар) мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, география және табиғатты пайдалану факультеті, № 219 ауд.