Рамазанова Ханым Сагингалиевна
«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Рамазанова Ханым Сагингалиевнның «Жартылай сызықты дифференциалдық теңдеулердің бір класының сапалық қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің іргелі математика кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Иманбаев Нурлан Сайрамович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, ОҚМПИ, Шымкент қаласы, мамандығы 01.01.02;
Женсикбаев Куанткан Сержанович - физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚазҰУ, Алматы қаласы, мамандығы 01.01.01.
Ғылыми кеңесшілері:
Ойнаров Рыскул – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ., Қазақстан;
Тиряки Айдын – PhD, профессор, Измир Университеті, Турция.
Қорғау 2017 жылғы 10 ақпан сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қарамағындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, № 213 аудитория.