Айтимов Болат Жолдасбекович

«6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Айтимов Болат Жолдасбековичтің «Қазақстан Республикасында коммерциялық емес ұйымдар қызметін құқықтық реттеу мәселелері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Каудыров Толеш Ерденович – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық заң университетінің азаматтық-құқықтық зерттеулер ҒЗИ директоры, Астана қ., Қазақстан, мамандығы 12.00.03;

Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы - заң ғылымдарының кандидаты, Тұран Университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 12.00.03.

Ғылыми кеңесшілері:

Дүсіпов Еркін Шажаұлы – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ., Қазақстан;

Сериев Болат Абдулдаұлы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., Қазақстан;

Томас Хоффман – құқық докторы (PhD), Таллинн Технологиялық университеті Таллинн Құқық Мектебінің қауымдастырылған профессоры, Таллинн қаласы, Эстония.

Қорғау 2017 жылдың 21 қаңтарында сағат 13:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D030100 – Құқықтану», «6D030200 – Халықаралық құқық» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, заң факультеті, №410 мәжіліс залы.

Басылым күні :  15.12.2016