Машекова Айгерим Сериковна

«6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар (физика)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Машекова Айгерим Сериковнаның «Қарқынды пластикалық деформацияны қолданып келешегі мол наноқұрылымды металдарды жасау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: ағылшын.

Диссертация Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Білдек жасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Шабанова Татьяна Алексеевна – химия ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.17;

Чепуштанова Татьяна Александровна – философия докторы (PhD), техника ғылымдарының кандидаты, ассоцияланған профессор Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Металлургиялық процесстер, жылытехника және арнайы материалдар технологиясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 6D070900.

Ғылыми кеңесшілері:

1. Турдалиев Ауезхан Турдалиұлы – техника ғылымының докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Алматы, Қазақстан Республикасы.

2. Анна Кавалек – техника ғылымының докторы, Ченстохова политехникалық университетінің профессоры (Польша, Ченстохова қаласы).

Қорғау 2016 жылғы 30 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар (физика)», «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар (химиялық ғылымдар)», «6D073400 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық-технология факультеті, №415 мәжіліс залы.

Басылым күні :  29.11.2016