Татыкаев Батухан Бурханович

«6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Татыкаев Батухан Бурхановичтың «Соңғы өніммен сұйылту әдісімен күміс галогенидтерінің нанобөлшектерін механохимиялық синтездеу технологиясы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Тусупбаев Несіпбай Қуандыкович – техника ғылымдарының докторы, доцент, АҚ «Металлургия және кен байыту институты», флотореагенттер және кен байыту зертханасының меңгерушісі.

Мофа Нина Николаевна – химия ғылымдарының докторы, профессор, РМК «Жану проблемалары институты», механохимия процестері зертханасының меңгерушісі.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Бүркітбаев Мухамбеткали Мырзабаевич – химия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің бірінші проректоры, Қазақстан Республикасы.

2. Уракаев Фарит Хисамутдинович – химия ғылымдарының докторы, РҒА СБ           В.С. Соболев атындағы геология және минералогия институтының аға ғылыми қызметкері.

Қорғау 2016 жылғы 29 желтоқсанда сағат 12.00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді, мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудиториясы.

Қорғау тілі: орысша.

Басылым күні :  29.11.2016