Нурмаканов Ержан Еслямбекович

6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Нурмаканов Ержан Еслямбековичтің «Синтез-газды каталитикалық алуы және өндеуі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Техникалық университетінде орындалған.

Рецензенттер:

Аубакиров Ермек Айтказынович, химия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физикалық химия, катализ, мұнайхимия кафедрасының меңгерушісі, мамандығы 02.00.15 – Катализ.

Тажбаев Еркеблан Муратович, химия ғылымдарының докторы, профессор, Е.A. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің Химия факультеті деканы, мамандығы 02.00.06 – Жоғары молекулалы қосылыстар.

Ғылыми кеңесшілер:

1.Елигбаева Гульжахан Жакпаровна – химия ғылымдарының докторы, профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ «Химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы.

2.Иткулова Шолпан Сембаевна - химия ғылымдарының кандидаты, ассоц. профессор, Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институтының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы.

3.Джеймс Артур Андерсон – PhD, профессор, Абердин Университеті, Абердин қ., Ұлыбритания.

Қорғау 2016 жылғы 28 желтоқсанда сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060600 – Химия», «6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «6D073900 – Мұнай химиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесiнде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудиториясы.

Басылым күні :  26.11.2016