Алимов Дилшод Камалович

«6D060500–Ядролық физика» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған Алимов Дилшод Камаловичтің «Төменгі энергияларда 1р қабықшадағы ядролармен азот изотоптарының әсерлесу процесін зерттеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау қазақ тілінде болады.

Диссертациялық жұмыс әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Кабулов Ашир Бакирович, ф.-м.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ, (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), мамандығы 01.04.16;

Садыков Турлан Хамзинович, ф.-м.ғ.д., профессор, «Физика-техникалық институты» ЖШС, ғарыштық сәулелер физикасы лабораториясының меңгерушісі,
(Алматы қ., Қазақстан Республикасы), мамандығы 01.04.16.

Ғылыми кеңесшілері:

Юшков Александр Витальевич, ф.-м.ғ.д., профессор, әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);

Исмаил Бозтосун, PhD., профессор NUBA, Акдениз университеті (Анталья қ., Туркия).

Қорғау 2016 жылғы 27 желтоқсан сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 - Ядролық физика», «6D072300 - Техникалық физика», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 – Физика және астрономия» мамандықтары тобының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

Басылым күні :  26.11.2016