Атчабарова Ажар Айдаровна

6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Атчабарова Ажар Айдаровнаның «Электрохимиялық және каталитикалық үдерістер үшін модифицирілген көміртек құрамды электродтарды даярлау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің «Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Капралова Виктория Игоревна – техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ҰТЗУ, химиялық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Мамандығы: 05.17.01 – бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы.

Ковригина Татьяна Васильевна – химия ғылымдарының кандидаты, "А.Қ. Бектуров атындағы химия ғылымдары институтының" ион алмастырғыш шайырлар және мембраналар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. Мамандығы: 02.00.06 – жоғары молекулалық қосылыстар.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Наурызбаев Михаил Касымович – техника ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ РМК «ФХЗТО» ЕМК директоры, Қазақстан Республикасы.

2. Майкл Варк – ғылымдар докторы, Карл фон Осецкий атындағы Ольденбург университетінің профессоры, Германия.

Қорғау 2016 жылғы 27 желтоқсанда сағат 16.00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – «Химия», 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900 – «Мұнай химиясы» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді, мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 бөлме.

Басылым күні :  26.11.2016