Байматова Насиба Хикматуллаевна

6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Байматова Насиба Хикматуллаевнаның «Көміртегі құрамды адсорбенттер көмегімен ауаны және өндірістік шығарылымдарды тазарту технологиясын шығару» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің «Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Чернякова Раиса Михайловна, техника ғылымдарының докторы, профессор, бас ғылыми қызметкер, тыңайтқыштар мен тұздар химиясы зертханасы, «Ә.Б. Бектуров атындағы химия ғылымдарының институты» АҚ, мамандығы 05.17.01 - Бейорганикалық заттар технологиясы.

Баешов Абдуали Баешович, химия ғылымдарының докторы, профессор, зертхана меңгерушісі, Органикалық катализ және электрохимия институты, мамандығы 05.17.01 – Бейорганикалық заттар технологиясы, 05.17.03 – Электрохимиялық үрдістер технологиясы және коррозиядан қорғау.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Кенесов Булат Нурланович – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан Республикасы.

2. Козиел Ясек Адам – PhD, қауымдастырылған профессор, Айова штатының университеті, Эймс қ., АҚШ.

Қорғау 2016 жылғы 27 желтоқсанда сағат 14.00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – «Химия», 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900 – «Мұнай химиясы» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді, мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 бөлме.

Басылым күні :  25.11.2016