Айменова Жанар Еркеновна

«6D070100 – Биотехнология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Айменова Жанар Еркеновнаның «Lagochilus туысты өсімдіктер экстракциясының негізінде гемостатикалық әсерлі биологиялық препарат алу технологиясын түзу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің биотехнология кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Мурзахметова Майра Кабдраушевна – биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биофизика және биомедицина кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 03.00.13;

Кушнаренко Светлана Вениаминовна – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, биология және биотехнология институтының гермоплазманы криосақтау зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 03.00.12.

Ғылыми кеңесшілері:

Ешибаев Арыстанбек Аширбаевич – биология ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ., Қазақстан;

Дигель Илья – PhD, Аахен қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры, Юлих қ., Германия.

Қорғау 2016 жылғы 27 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700 – Биология», «6D070100 – Биотехнология», «6D061300 – Геоботаника» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, биология және биотехнология факультеті, №214 мәжіліс залы.

Басылым күні :  25.11.2016