Алдажарова Майра Мауленқызы

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Алдажарова Майра Мауленқызының «Дифференциалдық теңдеулер жүйелерінің шешімінің бағалауы және орнықтылығы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Джумабаев Дулат Сыздықбекұлы –физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Математика және математикалық модельдеу институтының БҒҚ, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.02;

Кенжебаев Талғат Садуақасұлы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан-Британ техникалық университетінің доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.02.

Ғылыми кеңесшілері:

Алдибеков Тамаша Молдабекұлы физика-математика ғылымдарының докторы, профессор қ.о., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Романовский Валерий Георгиевич – физика-математика ғылымдарының докторы, Марибор университетінің профессоры, Марибор қ., Словения.

Қорғау 2016 жылғы 22 желтоқсанда сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070700 – Математематикалық және компьтерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыш техникасы және технологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика, №213 мәжіліс залы.

Басылым күні :  21.11.2016